Jdi na obsah Jdi na menu
 


4. бет

 

С. Құдайдың заңы деп не аталады?
 
 
Ж. Құдайдың заңы деп дін ілімі аталады.
 
 
 
С.  Дін деп не аталады?
 
 
Ж. Дін деп Құдайға сену, заңдарды орындау, ғибадат жасау, мейрамдарды ұстану және тағы басқалар аталады.
 
 
 
С. Біз қандай дінді ұстанамыз?
 
 
Ж. Біз Қараимдар Моше пайғамбардың Құдайдың әмірімен Тораға жазған дінді ұстанамыз.
 
 
 
С. Тора деп не аталады?
 
 
Ж. Тора деп Моше пайғамабардың 5 кітабы аталады.
 
 
 
С. Тора немен әйгілі болды?
 
 
Ж. Тора, Синай тауында Құдай, өзінің бүткіл әлемнің құрмет тұтқан Он Өсиетін жария етуі арқылы әйгілі болды, әм Исраельді хақ діннің нұрымен және қоғамдық өмірдегі адамгершілікті заңдарымен нұрландырды.
 
 
 
С. Дұға деп не аталады?
 
 
Ж. Құдайдың алдында рухани сезімімізді ашып сырласу-дұға деп аталады.
 
 
 
С. Біздің Құдайға деген рухани сезіміміз нелерде байқалады?
 
 
Ж. Біздің Құдайға деген рухани сезіміміз мыналарда байқалады:
 
 
1) Құдайды мадақтағанда
2) Бар болғанымыз үшін Құдайды құттағанымызда
3) Күнәларымыздың кешірілуі үшін дұға жасағанымызда
4) Әділетсіздік жасағаннан кейін өкініп тәубе еткенімізде
5) Бір нәрсеге мұқтаж болып Құдайға жалбарынғанымызда
6) Қуанышымызды білдіргенімізде және
7) Бізге қасірет тигенде дертімізді білдіргенімізде.
 
 
 
С. Адамды дұға жасауға не яки кім итермелейді?
 
 
Ж. Адамның ішіндегі рухани  мәңгі,  құдайшыл негіз адамды Жаратушының алдына шығып дұға етуіне итермелейді.
 
 
С. Дұға қалай орындалуы қажет?
 
 
Ж. Дұға зор құрметпен, адалдықпен жасалуы қажет:
Адонай  Өзіне ақиқатта сиынғандардың қасында, олардың дұғаларыны естиді әм көмектеседі. (Теһилим 145)
Ал дұғанын уақытыны біздің ұстаздарымыз, күн сайын таңда және кеште деп белгілеген.
 
 
 
С. Ғибадат үшін бізде Кенаса болуы мәжбүр ме?
 
 
Ж. Иә! Шемот кітабының 25-інші бөлімінің  8-ішні аятында былай делінген:  
Олар Маған арнап ғибадатхана дайындап жасасын. Мен халық арасында сол жерде тұратын боламын.
Біз де осы әмірге сүйене отырып, ғибадат етуіміз үшін міндетті түрде Құдай үйіне-Кенасаға ие болуымыз қажет.
Сонау алғашқы ғибадатхана өте көркем, өте бай салынғаны секілді, біз де жағдайымыз жеткенінше ғибадатхананы әсем де көркем  қылып салуымыз қажет әм Кенасада Құдайдың құдіретті күші болатындығынан-Кенасаға аса зор құрмет көрсетіп, қастерлеуіміз қажет.
Бәрімізге мәлім болғандай, Кенасада жамағатпен дуға жасалады, яғни жамағатпен ғибадат, ал жамағатпен жасалған дұға болса дұғашының көңіліне жақсы әсер етеді, сондықтан да біз ғибадаттарымызды жамағатпен орындауға тырысуымыз қажет.
 
 
 
С. Біз дұға жасағанымызда неге бетімізді  оңтүстікке қарай бұрамыз?
 
 
Ж. Шеломо патшаның дұғасында (Мелахим алеф 8-інші бөлімінің  48-ішні аятында) былай деп айтылған:
Халқың Сен жіберген бір жаққа қарай жауларына қарсы соғысқа шыққан кезде, Өзіңнің таңдап алған қалаңа және мен Сенің есіміңе арнап салғызған осы киелі үйге қарай Саған, уа, Жаратқан Ие, сиынып мінажат етсе,онда Сен көктен олардың мінажаттары мен жалбарыныштарына құлақ салып, оларды қолдап-қорғай гөр.
Біз қараимдар осы аятқа сүйене отырып, дұға/ғибадат жасағанымызда бетімізді Йерушалаимға яғни оңтүстікке қарай бұрамыз.
Әм осыған негіздене отырып Сефер-Тора тұратын Кенаса Гехал да, Гехалдың алдындағы хахамның орыны да Кенасаның оңтүстігінде болады.
Біздің ұстаздарымыз,  Кенасаға кірерде мына дұғаның оқылуыны қаулы қылған:
Міне мен де Сенің осы зор мейірімділігің арқасында, Сенің үйіңе аяқ басып отырмын, Сенің Киелі үйіңде, Саған деген аса зор құрметпен сәждеге бардым, Адонай, жалбарыныштарымды ести гөр, дұғаларымды қабыл ете гөр.