Jdi na obsah Jdi na menu
 


7. бет - Тора бізге өсиет етеді

 

Тора бізге мыналарды өсиет етеді:
 
Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, бар күш-қуатыңмен сүйуді.
 
Құдай Иеңе әрқашан толық иманмен сенуді.
 
Тораның заңдарыны ұстануды және ұмтылыспен орындауды.
 
Құдай Иеңе құрметпен қызмет етуді және таза болуды.
Патшаның әм патшаның жанұясының және біздің өмір сүріп жатырған патшалықтың амандығы үшін Құдайдан дұға сұрауды.
 
Басшылықтың және соттың қаулысына бағынуды.
 
Әр адам баласыны сүйуді жіне құрметтеуді.
 
Кедейлерге жәрдем етудге тырысуды.
 
Қариялар мен бізден үлкендерді сыйлау әмір етіледі.
 
Суккот, Песах және Матан-Тора секілді үлкен мейрамдарда халқымыздың бүткіл еркектеріне Кенасаға келіп дұғаға қосылу әмір етілген, әм әрбір еркек қолынан келгенінше бір үлес/садақа алып келуі қажет.
 
Жаңа туған еркек нәрестені туылуының сегізінші күнінде сүндетке отырғызу әмір етілген.
 
Егер бір нәрсеге ант берген болсақ: бір нәрсені садақа беруге, ораза ұстауга, біреуге жәрдем беруге яки кенасаға бір нәрсені сыйлауға сөз берген болсақ (ойлап болсын, ауызбен айтып болсын) соны қолдан келгенше тезірек орындау әмір етілген.
 
Қыз өзінің абыройыны/қыздығыны күйеуге шыққанға дейін сақтау әмір етілген.
 
Кімде-кім күнә жасаса, Құдайдан кешірім сурап тәубе жасауы керек.
 
Жетім-жесірлерге қысымшылық жасамау әмір етілген.
 
Жығылған малды көрсек оның тұрып кетуіне көмектесуіміз қажет.
 
Мердігергің еңбек ақысыны сол күні төлеуіміз қажет.
 
Егерде жоғалған бір нәрсені тауып алсақ, кімдікі болса да әм қандай болса да соны жоғалтып алған иесіне қайтарып беруіміз әмір етілген.
 
Саз балшықтан жасалған ыдыстағы тамаққа жиіркенішті жәндік түсіп кетсе,-ыдысты да, тамақты да жою керек(себебі бұл тамақты қолдануға болмайды). Ал егер де темірден яки ағаштан жасалған ыдыстағы тамаққа жиіркенішті жәндік түсіп кетсе,- тек тамақты жою керек, ал ыдысты болса жақсылап жуу керек.
 
Бізге қабыршағы әм қанаты бар балықтарды жеу ұлықсат етілген.
 
Бізге тек күйсейтін әм аша тұяғы бар хайуандардың етіні жеу ұлықсат етілген.
 
Бізге жыртқыш құстардан(қыран, жапалақ, қарға) басқа, құстардың етіні жеу ұлықсат етілген.
 
Көрді жолдан тайдыру күнә.
 
Кереңді өсектеп жамандау күнә.
 
Өсімқорлықтың барлық түріне қатаң тыйым салынған.*
 
Басқаның межесін жылжытуға болмайды, және басқаның меншігіні тартып алуға болмайды.
 
Кімдікі болса да, не болса да таразыдан жеуге, кем өлшеуге болмайды.
 
Құстардың ұясыны қиратуға болмайды.
 
Арам өлген яки таланған хайуандардың және құстардың етіні жеу тыйым салынған.
 
Қан жеу және етпен қосып қан жеу тыйым салынған.
 
Құрлықтағы және судағы әртүрлі жиіркенішті жәндіктерді жеу тыйым салынған.
 
Қан араластыру яғни жақын туыстармен некелесу тыйым салынған. (Шемот кітабының 18-інші бөліміні қараңыздар)
 
Кімге болса да жамандық ойлаушылық қатаң түрде тыйым салынған.
 
Пара алуға, кек алуға, кекшілдікке тыйым салынған.
 
Тек бір ғана куәгердің куәлігімен әшкімді кінараттауға, мінеп-шенеуге яки соттауға тыйым салынған.
 
P.S. Шәкірттер менен Сефер-Тора дегеніміз не? деп сұрады.
 
Жауап:
 
Әрекесіз төртбұрыш қаріптермен, үзын жарғаққа басылып, бұрмаланып жұмарланған Тора (Мошенің бес кітабы)- Сефер-Тора деп яки Киелі бұрма деп аталады.
Көне әдет бойынша қараимдар, әрқашан бай безендірілген киотпен(домалақ алты бұрышты жәшік) бірге Сефер-Тораны кенасаға бағыштайды.
Сефер-Тора Гехаладан тек үлкен мейрамдардажәне салтанатты күндерде оқылу үшін шығарылады.
 
 
 
*САЛЫСТЫР Деварим 23:20-21- Берген қарызың үшін бауырласыңнан ешқандай өсім алма! Одан не ақшадан, не азық-түліктен, не қарызға беруге болатын басқа кез келген нәрседен болсын, өсім алушы болма.Жат жұрттыққа берген қарызыңнан өсім алуыңа болады, бірақ бауырласыңнан ешқандай өсім алуыңа болмайды. Сонда Құдайың Жаратқан Ие сендер еніп, иемденбекші болып отырған елде қолға алған барлық іс-әрекеттеріңді жарылқайтын болады.