Jdi na obsah Jdi na menu
 


6. бет - Он өсиет

 

1. Мен сені Мысыр елінен, құлдық үйінен алып шыққан Құдайың Адонаймын.
 
 
2.Сенің Менен басқа ешқандай құдайларың болмасын!
Аспанда, жерде не суда бар нәрселердің ешқайсысынан өзіңе құдай бейнелерін жасама!
Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе!
Мен сенің Құдайың Адонаймын, Өзімнен басқа құдайлардың болуына еш төзбеймін.
Мені менсінбейтіндерді немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын.
Ал Өзімді сүйіп, өсиеттерімді ұстанғандарға тіпті мыңыншы ұрпағына дейін рақымымды төгемін.
 
 
3. Құдайың Адонайдың атын орынсыз аузыңа алма!
Адонай Өзінің атын орынсыз қолданғандарды жазасыз қалдырмайды.
 
 
4. Шаббат күніні қадірлеу үшін еске ал!
Алты күн еңбектеніп барлық жұмыстарыңды істей бер, ал жетінші күн-Шаббат Адонайға бағышталған күн.Сол күні не өзің, не ұл-қызың, не қызметшілерің, не малдарың,не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар ешқандай жұмыс істемеңдер!
 
 
5. Ата-анаңды сыйла!
Құдайың Адонай өзіңе табыстайтын елде ұзақ өмір сүруің үшін осылай істе.
 
 
6. Өлтірме.
 
 
7. Зина жасама.
 
 
8. Ұрлық жасама
 
 
9. Жақыныңа қарсы жалған куәлік жасама.
 
 
10. Жақыныңның үйіні тілеме.Жақыныңның әйеліні, құл-күңіні, өгіз-есегіні, не өзге де ешқандай нәрсесіні тілеме. 
 
 
 
Он әмір Құдай тарапынан Синай тауында Моше пайғамбарға екі тас тақтаға жазылып берілді.Бұл өсиеттер екі бөлімге айрылады. 1-інші бөлімді алғашқы төрт өсиет құрайды, бұнда адамның Құдай алдындағы міндеттер білдірілген. 2-нші бөлімді ақырғы алты өсиет құрайды, бұнда адамның адамзатқа деген және өзіне деген жауапкершіліктер білдірілген. Ал Өсиеттерден төменде белгіленген тиымдар мен әмірлер шығады:
 
 
1-інші Өсиет
Құдайдың құдіретті, қасиетті әм күллі игі екеніне иман келтіруімізді әмір етеді.
 
 
2-інші Өсиет
Құдайдан басқа еш нәрсеге, ешқандай жаратылысқа яки  суретке/мүсінге сиынып-табынуға болмайтыныны әмір етеді, тек қана Оған сиынып-табыну керек.
 
 
3-інші Өсиет
Құдайдың атыны ардақтап сақтауды әм құрметтеуді әмір етеді, Құдай жайында әңгіме қозғалғанда Оның атына аса зор құрмет көрсетуді әмір етеді, әм оның атыны бос, пайдасыз   қолдануға болмайтыныны білдіреді.
 
 
4-інші Өсиет
Шаббат күніні қадірлеуді әмір етеді, себебі ол күн Құдайдың құрметтеген күні. Ол күні ешқандай жұмыс жасауға болмайды әм ол күні Құдайдың құрметтеген күні болғандығынан Кенасаға барып жамағатпен бірге ғибадат жасау керек.
 
 
5-інші Өсиет
Балаларға ата-анасыны құрметтеп сыйлауды әмір етеді, олардың жан тыныштығы үшін қамқорлық көрсетіп, олардың қалауыны орындап, оларға қуаныш әкелуге ұмтылуды әмір етеді. Әке мағынасына патша да кіреді, себебі патша да өзінің бағыныштыларына әке болып есептеледі, сондықтан патшаны да сыйлап құрметтеу, оның әміріне бойұсыну әм оған шын бағыну қажет. Әм бастықтарға, ұстаздарға және өзіңнен үлкен адамдарға да осындай қарым-қатынаста болу қажет.*
 
 
6-ншы Өсиет
Адам өлтірмеуді әмір етеді яғни қандай жолдармен болсын басқаға және өзіңе қол жұмсамауды әмір етеді.
 
 
7-нші Өсиет
Бізге азғындықты, зинақорлықты тиым салады және осы күнәларға түсіп кетпеуіміз үшін сақтандырады.
 
 
 
8-інші Өсиет
Бізге әртүрлі ұлрықты, басқа адамның мал-үлкіні жымқырып кетуді, басқа адамның мал-мүлкіні түрлі айлалармен иеленуді тиым салады.
 
 
9-ыншы Өсиет
Бізге біреуге қарсы өтірік куәлік етуді әм біреудің үстінен өтірік арыз түсіруді тиым салады. Өтірік ант бермеуімізді әмір етеді.
 
 
10-ыншы Өсиет
Бізге басқалардың меншігіні қалауды тиым салады, қызғанышқа да, жамандық тілеушілікке де тиым салынған, себебі бұл сезімдер, адамда жағдайына риза болмауды тудырып, адамды түрлі қылмыстарға итермелейді.
 
 
 
* Патша мен басшылардың атап өтілуі-сонау замандағы патшалық Ресейдің монархиялық идеологиясынан туындылайды.